Құрбан айт 2023: Астанада қайда құрбандық шалуға болады?

Астанада қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері құрбандық шалынатын орындар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармаға сілтеме жасап.

Құрбан айт 2023. Айт намазы қашан оқылады?

Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, қала мешіттерінде 28 маусымда сағат 6.00-де Айт намазы оқылады.

Құрбан айт 2023. Астанада қайда құрбан шалуға болады?

Астана қаласында бекітілген орындарда құрбандық шалу 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

1. "Ұлжан" әмбебап базары, Сарыарқа ауданы, Н.Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары);
2. "Жайлау" базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы, С-313 көшесі ("Шарын" базарының арты);
3. "Шанхай" базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы, 34/6 ("Көк базар" базарының арты);
4. "Шопан ата" базары, Байқоңыр ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
5. "Баракат" базары, Байқоңыр ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.

Айта кетейік, құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. "Құрбан айт" мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы 109 Call-center жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда құрбандық шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт ашылғаны хабарланған болатын.

"Барша қазақстандықтарды "Құрбан-2023" қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе, ірі қалаларда тұратын тұрғындарға қолжетімді болу үшін биыл салтанатты рәсім оффлайн және онлайн форматта өтеді", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Сайт арқылы құрбандыққа шалынатын малды таңдап, қажет қаражатты аударуға болады. Қой мен ешкіге бір адам тапсырыс берсе, ірі қара мен түйеге бір-жеті адам бірге тапсырыс береді. Төлеу кезінде тапсырыс нөмірін және жіберушінің атын көрсету керек. 

Сондай-ақ, Айт намазының кестесі жарияланды. Ал эпидемиологтар Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады. 

Құрбан айт - 2023: құрбандыққа шалынатын малға қатысты не білу керек?

Қазақстандықтар Құрбан айт пен Астана күніне орай қалай демалатыны белгілі болды. Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейінгі 70-күні үш күн бойы тойланады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні ғана демалыс күні саналады.

Мерекенің бірінші күні сәрсенбі, яғни 28 маусымға сай келеді. Тиісінше, бұл күн демалыс күні болады (бес күндік және алты күндік жұмыс апталары үшін). Бұл ретте демалыс күні ауыстырылуына байланысты сенбі (1 шілде) жұмыс күні болады.

Үкімет Астана күнін мерекелеу үшін демалыс күнін ауыстырды. 2023 жылы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі, 1 шілдеден жұма, 7 шілдеге ауыстырылды. Нәтижесінде қазақстандықтар елорда күніне төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!