"Күшті". Әнші Мейрамбек Беспаев халыққа пранк жасады

"Күшті". Әнші Мейрамбек Беспаев халыққа пранк жасады
Фото: коллаж

МузАрт тобының солисі, әнші Мейрамбек Беспаев қала ортасында халыққа пранк жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнерпаз Мейрамбек Беспаев жастар көп жүретін орталықта жасанды шаш киіп, сақал тағып халық алдына шыққан. Кадрда әншінің қарапайым адам ретінде жүргені, домбыра тартып отырған жігіттен домбырасын сұрап өзі аспапта ойнағанын көруге болады. Соңында жасанды шаш пен сақалын шешіп халықпен естелікке суретке түседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? және Шоу бизнес жаңалықтары (@qaz_stan)

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетіне риза болып, пікір қалдырды

"Мәә, күшті қуанып қалдым", "Мейрамбек аға ғой", "Нағашым мықты", "Күшті", "Мейрамбек керемет жан", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы