20 секунд: Павлодар облысында суға батқан ер адам құтқарылды

20 секунд: Павлодар облысында суға батқан ер адам құтқарылды
Фото: pixabay

Павлодар облысында суға батқан ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Павлодар облысы ТЖД-ға сілтеме жасап. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 25 маусымда сағат 19:27-де бейнебақылау камерасына Усолка өзеніне батып бара жатқан ер адам түсіп қалған. 

Құтқарушылар дереу сол жерге барып, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып алған. Оған дейін ер адамды куәгерлер құтқаруға тырысқан. Бірақ қолынан келмеген.

Ер адам судан сағат 19:28-де шығарылды. Ол 20 секундта құтқарылды. Құтқарушылар оған бірден алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Оны құтқаруға 5 құтқарушы мен 1 қайық тартылған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам жағажайда жалғыз өзі ішімдік ішкен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек