Иесіз электрмобильдер тұрған алаң табылды

Иесіз электрмобильдер тұрған алаң табылды
Фото: kolesa.kz

Қытайда иесіз электрмобильдер тұрған алаң табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қытайдың шығысында орналасқан Чжэцзян провинциясының әкімшілік орталығы Ханчжоу ауданының бірінде түсірілген атышулы сюжет желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрдан жаңа және ешкім мінбеген әртүрлі маркалы (Kandi K10, Neta V мен BYD e3) электромобильдер тобын көруге болады. Көліктердің нөмірі бар екен, соған қарағанда бұл зауыт алаңы емес.

Видео авторының сөзінше, кейбір автоөндірушілер мемлекеттен субсидия алу үшін тауар ешқашан сатылмайтынын біле тұра, өндіріс көлемін жасанды арттырған. Бұлай тұжырымдауға негіз бар сияқты. Бұған дейін де Қытайда аудандар құрылып, ол жаққа адамдар сол күйі қоныстанбаған. Кейін аудандарды қиратқан немесе велопрокат үшін қолданған. Нәтижесінде Шэньчжэнға жақын аймақ велосипед жазығына айналды. 

Есіктеріне таңба қойылған Kandi ситикарлары жалға берілетін көліктер қатарына жатады, олар бірнеше жыл бұрын банкрот болған Microcity каршеринг кеңсесінің меншігінде болған.

"Электрмобильдер шығу тегіне қарамастан, тауар ретіндегі құнын жоғалтқаны анық. Батареямен жүретін машинаны жою қарапайым көлікті бөлшектеуден әлдеқайда қиын әрі қымбат екенін ескерсек, иелеріне көлікті осылай сақтау тиімді. Қытайда бос аймақ әзірге жетерлік…", - делінген сайт жазбасында. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина