"Қорқып айқайлай бастады". Ақтауда бұралқы иттер жағажайдағы тұрғындарға шабуылдаған

"Қорқып айқайлай бастады". Ақтауда бұралқы иттер жағажайдағы тұрғындарға шабуылдаған
Фото: Lada.kz/ 1-шағынауданының тұрғынының суреті

Ақтау тұрғындары жағажайдағы бұралқы иттерге шағымын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының айтуынша, салынып жатқан танхаустар мен "Маракеш" жағажайы маңындағы тұрғын үй аумағынан күн сайын қаңғыбас иттерді көруге болады. Олар сол маңнан өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасайды.

1-шағынауданның тұрғынының сөзінше, иттер жағалауда серуендеп жүрген қызға шабуыл жасаған.

"Бәрі күтпеген жерден болды. Қыз қорқып айқайлай бастады, отырып, бетін қолымен жауып алды. Бақытымызға орай, спорт алаңында жүрген жігіт көмекке асықты. Қыз шошып кетті. Жігіт оны жолға дейін шығарып, таксиге отырғызып жіберді", - деді 1-шағынаудан тұрғыны Елена.

Кейінгі аптада жергілікті тұрғын Руслан сол маңдағы иттердің екі балаға шабуыл жасамақ болғанына куә болған. Бірақ жақын жерде олардың ата-анасы болып, қайғылы жағдайдың алдын алған.

Ветеринариялық станция өкілдері әзірге жағдайға қатысты пікір білдірмеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова