Актриса Альмира Тұрсын халықаралық байқауда жүлделі орын иеленді

Актриса Альмира Тұрсын халықаралық байқауда жүлделі орын иеленді
Фото: instagram.com/almiratursyn

Актриса Альмира Тұрсын Mrs. Globe байқауында бірінші вице-мисс атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы актрисаның өзі Instagram-парақшасында хабарлады. 

"Mrs. Globe халықаралық конкурсының финалы да өтті. Мен "Бірінші Вице Миссис Globe" атандым (яғни 2-орын)", - дейді актриса. 

Instagram: anna_unger_

Айта кетейік, байқау АҚШ-тың Калифорния штатында өтті. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бірінші вице-мисс дәрежесі екінші орынға тең. Ал бірінші орын, яғни Mrs. Globe атағы беларусь қызы Лана Хлумаковаға бұйырды.

Еске салайық, Альмира Тұрсын өткен жылдың күзінде Mrs. Globe Kazakhstan атағын иеленіп, Калифорнияда өтетін сұлулық байқауының әлемдік финалына жолдама алған еді. Конкурс 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина