"Көлігімен батып кеткен". Ертіс өзенінен ер адам өлі табылды

"Көлігімен батып кеткен". Ертіс өзенінен ер адам өлі табылды
Фото: instagram.com/pavlodar_tjd

Павлодар облысында, Ертістен 10 күн бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Оның денесі суға батқан көлігінен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға туралы павлодарлық құтқарушылар хабарлады. Құтқарушылар 16 маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамды үш күн бойы іздестірген.

"25 маусымда Ертіс өзенінде іздеу жұмыстары барысында 4 құтқарушы эхолоттың көмегімен шамамен 5 метр тереңдікте және жағадан 10-15 метр қашықтықта автокөлік тапты. Арнайы техниканың көмегімен машина жағаға көтеріліп, 102 қызметіне берілді. Салонның ішінен жоғалған Р.Ю. Леонтьевтің денесі табылды", - делінген хабарламада. 

3 күн бойы ер адамды полицейлермен бірге жергілікті VITA іздеу жасағының еріктілері іздеді. Олардың айтуынша, 32 жастағы павлодарлық ер адам жоғалған күні таңертең Mazda көлігін Заңғар ауылынан Ямышево ауылына қарай кетіп, сол жерден құралды алып, жұмысқа баруы керек еді. Бірақ ол жұмысқа жетпеген. Еріктілер сол күні марқұмның WhatsApp желісінде туыстарына видео жолдағанын, кейін телефоны өшіп қалғанын анықтады.

"Кеше біз көмек сұрап жүгінген адамдардың бірі бұл жерді зымыран өлшегішпен тексерді. Қазір көлік өзеннен шығарылды. Ер адам өлі табылды. Оның отбасына және достарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазды олар Instagram-да.

Айта кетейік, жоғалған адамды іздеуге әскери қызметкерлер мен кинологтар да жұмылдырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек