"Өрт қаупі сақталады". Синоптиктер ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады

"Өрт қаупі сақталады". Синоптиктер ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады
Фото: pixabay.com

Қазгидромет мамандары ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 маусымда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр болады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 23 метр. Петропавл қаласында 26 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метр болады.

Астана қаласында 26 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

26 маусымда түнде кей уақытта Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 26 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

26 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында 26 маусымда түнде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15 метр күтіледі.

26 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші секундына 15-18 метр болады.

26 маусымда күндіз Абай облысының батысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күші секундына 15-18 метр болады.

26 маусымда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстын батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23-28 метр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 маусымда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр болады, кей уақыттарда секундына 23-28 метр. Облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қостанай қаласында 26 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Күндіз 26 маусымда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қаласында 26 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

26 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 26 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

26 маусымда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метр болады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 23 метр күтіледі. Көкшетау қаласында 26 маусымда күннің соңында қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

26 маусымда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр болады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші секундына 15-20 метр болады. Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қаласында 26 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші секундына 15-20 метр болады. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

26 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

26 маусымда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23-28 метр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 26 маусымда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина