Қазақстан бейбіт елдер рейтингінде нешінші орында тұрғаны белгілі болды

Қазақстан бейбіт елдер рейтингінде нешінші орында тұрғаны белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Америкалық Global Finance журналының нұсқасы бойынша Қазақстан бейбіт елдер рейтингінде 97-орында тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Посткеңестік кеңістіктегі елдердің ішінде Армения ең бейбіт ел деп танылған (83-орын). Одан кейін Өзбекстан (87), Қырғызстан (91), Тәжікстан (92), Грузия (95), Қазақстан (97), Түркіменстан (103), Беларусь (116), Әзербайжан (128), Украина (153), Ресей (160) тұр.

Рейтинг бойынша ең бейбіт елдер - Исландия, Жаңа Зеландия, Ирландия, Дания, Австрия.

Рейтингтегі 163 елдің тізімін Сирия, Йемен және Ауғанстан қорытындылап тұр.

Экономика және бейбітшілік институты (IEP) халықаралық сараптама орталығы құрастырған рейтинг жер шары халқының 99,7 пайызы тұратын 163 тәуелсіз мемлекеттер мен аумақтарды қамтиды. Талдау үш критерий бойынша (әлеуметтік қауіпсіздік, жалғасып жатқан ішкі және халықаралық қақтығыстардың ауқымы және милитаризация дәрежесі) 23 көрсеткішке негізделген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан