Қазақстандықтар Құрбан айт пен Астана күніне орай қалай демалады?

Қазақстандықтар Құрбан айт пен Астана күніне орай қалай демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Келесі аптада мұсылмандар үшін маңызды діни мерекелердің бірі - Құрбан айт тойланады. Араб тілінен аударғанда бұл атау "құрбан шалу мерекесі" дегенді білдіреді. Бұл күні мұсылмандар жануарлардың бірін құрбандыққа шалады, яғни қой, сиыр, қошқар немесе түйе құрбан ретінде шалынады.

Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейінгі 70-күні үш күн бойы тойланады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні ғана демалыс күні саналады.

Мерекенің бірінші күні сәрсенбі, яғни 28 маусымға сай келеді. Тиісінше, бұл күн демалыс күні болады (бес күндік және алты күндік жұмыс апталары үшін). Бұл ретте демалыс күні ауыстырылуына байланысты сенбі (1 шілде) жұмыс күні болады.

Үкімет Астана күнін мерекелеу үшін демалыс күнін ауыстырды. 2023 жылы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі, 1 шілдеден жұма, 7 шілдеге ауыстырылды. Нәтижесінде қазақстандықтар елорда күніне төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілде.

Еске салайық, бұған дейін эпидемиологтар Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасаған болатын.

Құрбан айтты мерекелеу кезінде Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері мал сою және сату пункттерінде санитариялық нормаларды сақтауды ұсынады:

  • мал сату мен союды ветеринариялық қызметтің рұқсаты және әрбір ауыл шаруашылығы жануарына тиіс ветеринариялық құжаттары бар орындарда жүргізу (вет.төлқұжат, ілеспе құжаттар, құлақ белгілері);
  • мал союдан кейін қалдықтарды уақтылы зарарсыздандыру және шығару;
    жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау.

Эпидемиологтардың айтуынша, қазір қалада жедел ішек инфекциясының жағдайлары жиі тіркеліп жатыр. Осыған байланысты, қоғамдық тамақтану орындарында және мешіттерде іс-шараларды өткізу кезінде келесі ережелерге ерекше назар аудару қажет:

  • тамақтану объектілерінің қызметкерлерінде медициналық тексерулер мен медициналық кітапшалардың болуы;
  • арнайы киім киіп тамақ дайындау және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешу;
    тамақ дайындайтын және тарататын жұмыскерлер денесінің ашық жерлерін тексеретін жауапты адамды анықтау, іріңді жаралар, қолында ұсақ жарақаттар анықталған жағдайда оларды жұмыстан шеттету;
  • тазалаушыларды тамақ дайындауға және ыдыс жууға жібермеу;
  • тамақ дайындау технологиясын сақтау;
  • дайын өнім үшін шикі етке арналған кесу тақталарын, пышақтарды, ыдыстарды пайдаланбау;
  • тез бұзылатын тағамдарды тұтынудан сақ болыңыз;
  • шикі өнімдер мен дайын өнімдерді бір сөреде сақтауға болмайды;
  • өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;
  • кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмауға тырысыңыз.

Құрбан айтта шалынған малдың қанын баланың маңдайына жағу қандай ырым?

Сондай-ақ, Айт намазының кестесі жарияланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!