Парижде ұшатын такси таныстырылымы өтті

Парижде ұшатын такси таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.

Парижде елу төртінші рет өтіп жатқан Халықаралық әуе көрмесінің аясында ұшатын такси таныстырылды. Электр қуатымен жүретін инновациялық көлікті неміс компаниясы жасап шыққан. Ол сағатына 110 шақырымды еңсеріп, диаметрі 15 метрлік жерге қона алады.

Өндірушілер ұшатын такси қызметін келесі жылы Парижде өтетін Олимпиада кезінде пайдалану жоспарланып отырғанын айтты.

Айта кетейік, жазғы спорт ойындары Франция астанасында 2024 жылғы 26 шілдеден 11 тамызға дейін өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!