Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Иван Сухоруков

Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, 25 маусымда Астана мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
 
Қолайсыз ауа райында мына сақтық шаралары ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе тасжолдар немесе басқа ластаушы көздер маңында уақыт өткізуді қысқарту;
  • балалар мен жүкті әйелдер далада ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;
  • созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар далада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектері болуы керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан