Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қауіпсіздік кеңесінің отырысы туралы айтты

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қауіпсіздік кеңесінің отырысы туралы айтты
Фото: Ақорда

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай ертең өтетін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желдібайдың сөзінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусымда күні бойы Ресейдегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елдегі ахуалды бақылауға ала отырып, мүдделі барлық ведомствоның басшыларымен жедел байланыста болды.

"Мемлекет басшысы 25 маусым күні таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысында аталған ведомстволардың тапсырмаларды орындау бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебін тыңдайды. Сонымен қатар Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайды", - дейді Руслан Желдібай.

Еске салайық, Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді. 

Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.

Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина