Лукашенко "Вагнер" жетекшісімен келіссөз жүргізді

Лукашенко "Вагнер" жетекшісімен келіссөз жүргізді
Фото: Риа новости

"Вагнер" жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен сөйлесті,  - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Беларусь басшының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін таңертең Ресей президенті Владимир Путин беларуссиялық әріптесіне Ресейдің оңтүстігіндегі Вагнер жеке әскери компаниясымен жағдай туралы хабарлады. Мемлекет басшылары бірлескен іс-қимылдар туралы келісті. Уағдаластықтарды дамыту мақсатында Беларусь Президенті қолда бар өз арналары бойынша жағдайды қосымша нақтылай отырып, Ресей президентімен келісе отырып, "Вагнер" басшысы Евгений Пригожинмен келіссөздер жүргізді", - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер күні бойы жалғасқан.

"Нәтижесінде олар Ресей аумағында қанды қырғынды бастауға жол бермеу туралы келісімдерге келді. Евгений Пригожин Беларусь Президенті Александр Лукашенконың Вагнер компаниясының Қарулы адамдарының Ресей аумағында қозғалысын тоқтату және шиеленісті бәсеңдету жөніндегі келесі қадамдар туралы ұсынысын қабылдады. Қазіргі уақытта талқылау үстелінде - "Вагнер" жауынгерлері үшін қауіпсіздік кепілдігі бар жағдайды шешудің өте тиімді және қолайлы нұсқасы. 
Бұрын хабарланғандай, бүгінде Беларусь Президенті осы жағдай бойынша елдің қуат блогымен екі кеңес өткізді", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина