Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап. 

Орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысында 25-27 маусым күндері сағат 08:00 мен 24:00 аралығында, сонымен қатар 28 маусым сағат 22:00-ден 29 маусым 06:00-ге дейін және 29 маусым сағат 22:00-ден 30 маусым 06:00-ге дейін түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

"Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында Черепанов көшесі бойынша жол жүру қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланған болатын. 

26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін Черепанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады.

Бұл көшедегі қозғалыс екі жаққа да жабылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!