Африкадан келген мигранттар Қонаев қаласында заңсыз жүрген

Африкадан келген мигранттар Қонаев қаласында заңсыз жүрген

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 21 маусымда Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде "Мигрант" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 9 Нигерия және 2 Камерун елінің азаматы анықталды.

Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды. Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина