Алматыдағы көшелердің бірінде жол жүру қозғалысы уақытша шектеледі

Алматы қаласында Черепанов көшесі бойынша жол жүру қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не сілтеме жасап. 

26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін Черепанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады.

Бұл көшедегі қозғалыс екі жаққа да жабылады.

"Бұл көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырға ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 1 қыркүйекке дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпір бойынша қозғалыс шектелетіні хабарланған болатын. 

Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылының бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына байланысты 6 маусым сағат 08.00-ден 2023 жылғы 1 қыркүйеккке дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпір бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі.

Көлік қозғалысы шығыс бағытта үш жолақ орнына екі жолақ бойынша жүзеге асырылады. Батыс бағытта көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!