Шымкенттік дәрігерлер күкірт қышқылына күйген қызылордалықтың өмірі үшін күресіп жатыр

Шымкенттік дәрігерлер 48 жастағы науқастың өмірі үшін күресіп жатыр. Күкірт қышқылына күйген ер адамның денесінің 40-49 пайызы зақымданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ақ халаттылар күйіктің терең екенін айтады. Науқас 20 маусым күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданынан ауыстырылған.

Қазір ол гипербариялық оксигенация орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы, ауыр тұрақты, тәулік бойы дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Мамандар оған орталықта ең жоғары медициналық көмек көрсетіледі дейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!