Абай облысында көлікті баламен айдаған ер адам жазаланды

Абай облысында көлікті баламен айдаған ер адам жазаланды

Абай облысында кішкентай баланы жүріп бара жатқан көлікте алдына отырғызып бара жатқан ер адам жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

22 маусымда Абай облысы ПД Porsche автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. 

Бұл бұзушылық 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Жол ережесін бұзғанда салынатын айыппұлдың күшін қалай жоюға болады?

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында жол ережесін 32 рет бұзған, миллионнан артық айыппұлы бар жүргізуші ұсталған болатын. Айыппұл сомасы - 1 225 750 теңгені құрады. 15 маусымда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде табылған. Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Субару" маркалы автокөлігін тауып, оның жүргізушісі ҚР ЖҚЕ мен Заңын бірнеше рет бұзғанын анықтаған.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Семей полициясы жүргізушілерге еске салады: тағайындалған айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 893-бабына сәйкес есептелген сәттен бастап 30 тәуліктен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина