Қызылорда облысында күріш өндіретін 6 кәсіпорынға 68 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Қызылорда облысында күріш өндіретін 6 кәсіпорынға 68 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды
Фото: elements.envato.com

Қызылорда облысында күріш өндіретін алты кәсіпорынға 67,9 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдері күріштің алты ірі өндірушісі мен көтерме сатушысына қатысты тергеуді аяқтады ("Абзал и К" ТС, "Мағжан и К" ЖШС, "Жан-Арай" ЖШС, "Най-Мир" ЖШС, "Абай-Даулет" ЖШС және "Байдалиев К" ЖК).

Бұл кәсіпорындарда күріш бағасын белгілеп және ұстағаны туралы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл дерегі анықталды.

"Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Биыл маусымда сот жоғарыда бұл күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты", - делінген хабарламада. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек