Астанада ер адам лифтіде кішкентай қызды ұстап, тиіскен

Астанада ер адам лифтіде кішкентай қызды ұстап, тиіскен

Астанада ер адам лифтіде кішкентай қызды ұстап, тиіскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Жалобы Астана" Telegram-арнасында белгілі болды. Видеода ер адам лифтіден өзге адамдар шығып кеткеннен кейін кішкентай қыздың қасына жақындап, жыныс мүшесінен ұстаған. 

Астананың Полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді. 

"Полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстап, "Сарыарқа" аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қоғамдық орында тиіскені үшін, сондай-ақ алкогольдік мас күйінде болғаны үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 449, 440-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баланың заңды өкілдерінен арыз түсті", - делінген полиция хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 400-ге жуық тұрғынға қоғамдық орында адамдарға тиіскені үшін айыппұл салынғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина