Алматыда АИТВ жұқтырған үш науқастың екеуі қайтыс болғаны рас па? Досаев жауап берді

Алматыда АИТВ жұқтырған үш науқастың екеуі қайтыс болғаны рас па? Досаев жауап берді
Фото: Pixabay.com

Алматы әкімі қалалық ауруханада анықталған үш АИТВ науқасының екеуі қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" брифингте Ерболат Досаевтан Алматы қаласының ОҚКБ-да АИТВ-ны анықтаған екі пациенттің қайтыс болуы туралы ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады.

"Мен сізге айтарым, үш адамның арасында өлім жоқ. Тексеру заң бойынша жасырын түрде жүргізіледі. 2-13 маусым аралығында комиссия құрылды. Мамандар медицина қызметкерлерін, пациенттерді тексеріп, барлық материалдарды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсырды", - деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік. Кейін бұл мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдірді. Сенат отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният былтыр АИТВ инфекциясын 4 мың адам жұқтырғанын айтты. Ал екі жыл бұрын 3,5 мың жағдай тіркелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина