Шемонаихадағы жанармай құю станциясында жарылыс болды: зардап шеккендер бар

22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 бірлік техника жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 14:44-те өрт оқшауланды.

Екі адам термиялық күйік алған, олар ауруханаға жеткізілді.

Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!