"Ветеринар болуды армандадым". Алматыда сотталып, жазасын өтеп жатқан балалар алғаш рет ҰБТ тапсырды

"Ветеринар болуды армандадым". Алматыда сотталып, жазасын өтеп жатқан балалар алғаш рет ҰБТ тапсырды

Алматыда колонияда жазасын өтеп жатқан балалар ҰБТ тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

№11 мекемесінің мәліметінше, бүгінде бұл колонияда 33 бала жазасын өтеп жатыр. Биыл 13 бала 11-сыныпты аяқтады. Оның ішінде 6 бала ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп, 3 бала жақсы нәтижеге жетті.

Мекеме мәліметінше, ҰБТ тапсыру Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев және Адам құқығына арналған хартия" қоғамдық қорының басшысы Жеміс Тұрмағамбетова ұсыныстары бойынша ұйымдастырылған. Егер бұрын оқушылар мемлекеттік емтихан тапсырып, аттестат алса, енді олар ҰБТ тапсыру туралы сертификат ала алады.

"Бұл қайта әлеуметтенудің тиімді шарасы жазалы жасөспірімдердің өз болашағы туралы ойлайтынын көрсетеді, мысалы, өтпелі балл жинағандар еркіндікке шыққан соң жоғары оқу орындарына түсіп, мамандық алуға шешім қабылдады", - дейді мекеме басшылығы.

"Мен бала кезімнен ветеринар болуды армандадым, бірақ қазір колониядамын. Осыған қарамастан, менде оқуды жалғастыруға және арманыма жетуге мүмкіндік бар. Бостандыққа шыққан соң мен университетке түсіп, ветеринар мамандығын аламын деп үміттенемін", - деді сотталғандардың бірі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина