"Отбасы банк" клиенттерінің жеке деректері тарап кеткені рас па?

"Отбасы банк" өкілдері тұтынушылардың жеке деректері жарияланып кетті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Банкте клиенттердің жеке деректерінің сақталуы - алғышарт. Біз жеке деректерді қорғау және ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманың барлық талабы мен нормасын қатаң сақтаймыз. Сәйкесінше, "Отбасы банкіндегі" деректердің тарап кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, банкте IT-жобалар жұмысында іркіліс болмаған. Банк қалыпты жұмыс істеп тұр. "Отбасы банк" АҚ 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асырып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!