"Жигули" көлігі пойыз астына түсіп қалды - видео

"Жигули" көлігі пойыз астына түсіп қалды - видео
Фото: Podrobno.uz

Өзбекстанда "Жигули" көлігінің жүргізушісі рельстен өтпек болып, пойыз астында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 21 маусымда сағат 08:10 шамасында болған. 67 жастағы көлік жүргізушісі төте жолды таңдап, теміржолдың үстінен өтуді жөн көрген. Алайда ол рельсті кесіп өтпек болғанда пойыз жүріп кеткен. Машинист жылдамдығын бәсеңдеткенімен, көлік пойыз астында қалды. 

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, барлық жолаушы мен жүргізуші көліктен шығып үлгерген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек