"Шықпаған 35-тей өлеңі бар". Адам танымастай күйге түскен Арман Қайназаровтың продюсері сұхбат берді

Танымал әндердің авторы Арман Қайназаров Алматы көшелерінің бірінен табылған еді. Арманның продюсері мен туған інісі оның алдағы жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Арман Қайназаров танымал өнер иелерінен Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Лұқпан Жолдасов, Абай Бегейге ән шығарған. Ал жаңа продюсерінің айтуынша, Арманның шықпаған көп әні бар.

"Қазір өзінің дәптерге жазып қойған 35-тей өлеңі бар. Әлі шықпаған. Өте жақсы жігіт, ақкөңіл", - дейді Арман Қайназаровтың продюсері, журналист Тимур Нұғман.

Ал Арманның туған інісі Алмас Қайназаров бұған дейін де қолдарынан келгенін істегендерін, алда да көмектесетінін жеткізді.

"Қолымыздан келгенше көмегімізді істедік. Істегіміз келеді әлде де. Бірақ кішкене ішімдікке беріліп кеткендіктен, кейбір кезде достарына кетіп қалады. Бұл өмірдің сынағы ғой", - дейді Арманның туған інісі Алмас Қайназаров.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Арман Қайназаров есімді жігіттің аянышты жағдайдағы видеосы кең тарағаны хабарланған еді. Ол өзінің Қызылорда облысынан екенін айтқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!