Түркиядан Қазақстанға есірткі қылмысына қатысы бар күдікті экстрадицияланды

Түркиядан Қазақстанға есірткі қылмысына қатысы бар күдікті экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура

Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған күдіктіні беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды. Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін елге экстрадициялады.

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова