Эпидемиологтар Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады

Эпидемиологтар мереке кезіндегі сақтық шараларын еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құрбан айтты мерекелеу кезінде Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері мал сою және сату пункттерінде санитариялық нормаларды сақтауды ұсынады:

  • мал сату мен союды ветеринариялық қызметтің рұқсаты және әрбір ауыл шаруашылығы жануарына тиіс ветеринариялық құжаттары бар орындарда жүргізу (вет.төлқұжат, ілеспе құжаттар, құлақ белгілері);
  • мал союдан кейін қалдықтарды уақтылы зарарсыздандыру және шығару;
  • жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау.

Эпидемиологтардың айтуынша, қазір қалада жедел ішек инфекциясының жағдайлары жиі тіркеліп жатыр. Осыған байланысты, қоғамдық тамақтану орындарында және мешіттерде іс-шараларды өткізу кезінде келесі ережелерге ерекше назар аудару қажет:

  • тамақтану объектілерінің қызметкерлерінде медициналық тексерулер мен медициналық кітапшалардың болуы;
  • арнайы киім киіп тамақ дайындау және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешу;
  • тамақ дайындайтын және тарататын жұмыскерлер денесінің ашық жерлерін тексеретін жауапты адамды анықтау, іріңді жаралар, қолында ұсақ жарақаттар анықталған жағдайда оларды жұмыстан шеттету;
  • тазалаушыларды тамақ дайындауға және ыдыс жууға жібермеу;
  • тамақ дайындау технологиясын сақтау;
  • дайын өнім үшін шикі етке арналған кесу тақталарын, пышақтарды, ыдыстарды пайдаланбау;
  • тез бұзылатын тағамдарды тұтынудан сақ болыңыз;
  • шикі өнімдер мен дайын өнімдерді бір сөреде сақтауға болмайды;
  • өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;
  • кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмауға тырысыңыз.

Қазақстанда құрбандық шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт ашылды.

Еске салайық, биыл Құрбан айт 28, 29 және 30 маусымда тойланады. 28 маусым елімізде демалыс күні болады.

Құрбан айтта шалынған малдың қанын баланың маңдайына жағу қандай ырым?

Маңдайға қан жағу ырымы не үшін қолданылғанын анықтау мақсатында этнограф Болат Бопайұлының пікірін білдік. Оның сөзінше, бұл ырым ұйғыр, дүнген халықтарында да сақталған.

"Ол - бұрыннан бар ұғым. Дінде ондай нәрсе жоқ. Жылда құрбан шалады, әр жылы құрбан шалған кезде үйдегі бір баланың шекесіне қан жағады. Екінші жылы екіншісі баласының, сөйтіп, әр отбасы мүшелерінің шекесіне жағып қояды. Ол - ырым. Оның бала өмірінде құрбан шалмай кетпесін, осыған арналып шалынған құрбан деген мәні бар. Сөйтіп қан жағады. Кем-кетік мал шалмайды, ана дүниеге барғанда сол өзінің көлігі болады деген ырым ғой", - дейді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!