Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды

Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Әлім Байел қарсы алды.

Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан премьер-министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан