БҚО-да арматура баланың қолын тесіп өткен (видео)

БҚО-да арматура баланың қолын тесіп өткен (видео)
Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында арматура баланың қолын тесіп өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "МОЙ Город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 20 маусымда кешке Теректі ауданы Пойма ауылында болған. 101-ге 12 жастағы бала көмекке мұқтаж екені туралы қоңырау түскен. Баланың қолын май зауыты маңындағы арматура тесіп өткен.

Оны құтқару үшін арнайы құралдарды қолдануға тура келген. Шамамен бір сағаттан кейін құтқару жұмыстары аяқталып, бала жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова