Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Германияның Халле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Александр бірінші айналымда хорватиялық Борна Коричті 6:3, 6:1 есебімен жеңді. 1 сағатқа созылған матчта қазақстандық 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды (40%).

Бублик екінші айналымда Ян-Леннард Штруфф (Германия) пен Роман Сафиуллиннің (Ресей) кездесуіндегі жеңімпазбен ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның астанасы Берлиндегі WTA 500 турниріндегі алғашқы ойынын өткізді. Ол ресейлік Полина Кудерметованы екі сеттік ойында 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!