Ақтөбе облысында кәріз бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен әйел көз жұмды

Ақтөбе облысында кәріз сорғызу бекетіндегі жарылыстан жарақат алған әйел көз жұмды. 48 жастағы жұмысшыны алып қалу мүмкін болмаған, өйткені денесінің 95%-ы күйіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары кәріз сорғы бекетінде жұмысшыларға ешқандай жағдай жасалмаған деп отыр. Арнайы киім де, қауіпсіздік үшін жабдықтар да жоқ көрінеді. 

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.  

"15 маусымда жеткізді. Жағдайы өте ауыр болды. Денесінің 95 пайызы күйген. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Бірақ жарақаты ауыр болуына байланысты төрт күннен кейін есін жинай алмай, 19 маусымда қайтыс болды", - деді травматолог дәрігер Нұрлан Әбішев.

Еске салайық, оқиға алдыңғы жұмада Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында болған. Кешкі кезекшілікті қабылдап алған жұмысшы сорғы бекетінің есігін ашып шырпы тұтатқанда жарылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!