"Біреу темекі шеккен шығар". Министр Астана маңындағы өрттің себептерін айтты

"Біреу темекі шеккен шығар". Министр Астана маңындағы өрттің себептерін айтты
Фото: Tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы өрттің қайдан шығуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Төтенше жағдайлар министрінен өрттің шығуына не себеп болуы мүмкін екенін сұрады.

"Өрттің шығуына не себеп болғаны туралы тек арнайы құрылған комиссия айта алады. Бұл туралы айтуға әлі ерте. Көптеген фактор бар: мүмкін біреу темекі тартқан шығар, бәлкім, біреу лақтырып кеткен бөтелкенің оптикалық әсері, мүмкін өрт қойған шығар. Нақтысын қазір ешкім айта алмайды". - деп жауап берді Шәріпханов.

Сонымен бірге Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы өртті толықтай сөндіруге шамамен екі аптадай уақыт кететінін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан