"Қара түсті сөмкесі бар". Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен

"Қара түсті сөмкесі бар". Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен
Фото: Polisia.kz

Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Абай облысының полиция қызметкерлері қызды іздестіріп жатыр. 

19 маусымда сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған. Ол сұр түсті джинсы киіп, өзімен бірге қара түсті сөмкесі бар.

"Іздестіріліп жатқан бойжеткенге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды өтінеміз", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек