Годунова шенеуніктерге салынатын айыппұл мөлшерін арттыруды ұсынды

Годунова шенеуніктерге салынатын айыппұл мөлшерін арттыруды ұсынды
Фото: elements.envato.com

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында шенеуніктерге салынатын айыппұл мөлшерін арттыруды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова сырттан тиімсіз қарыз тартқаны және жұмсағаны үшін лауазымды тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшерін арттыруды ұсынды.

"Сыртқы қарыздарды тиімсіз тартқаны және оларды уақытылы игермегені үшін лауазымды тұлғалардың дербес әкімшілік жауапкершілігі енгізілді. Мұндағы 100 АЕК (345 мың теңге) мөлшеріндегі айыппұл сомасын көбейту керек деп санаймыз", - деді Н.Годунова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек