Ақтөбеде 73 жастағы зейнеткер скутермен әйел адамды қағып, қашып кеткен

Ақтөбеде скутердегі зейнеткер бір әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

15 маусымда Ақтөбедегі Сәңкібай батыр даңғылында скутердегі ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан кейін скутердің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 73 жастағы зейнеткерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!