Өскеменде белгісіз біреулер мысықты пневматикамен атқан: жануарға операция жасалады

Өскеменде белгісіз біреулер мысықты пневматикамен атқан: жануарға операция жасалады
Фото: "Дворянин" қоғамдық қоры

Өскеменде белгісіз біреулер мысықты пневматикамен атқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қазір Тося атты мысықты ветеринарлық клиника өкілдері емдеп жатыр. Мысықтың тістеріне зақым келген. Ол не су, не тамақ іше алмаған. Сондықтан әлсіреп, азып кеткен.  

Жануарлар құқығын қорғаушылардың сөзінше, мысықты белгісіз біреулер пневматикамен атқан. Оның тісінен бөлек, тілі, тамағы, таңдайына зақым келіп, оқ көмейі мен ұйқы артериясының арасында қалып қойған. 

Дәрігерлер мысыққа бірнеше күн дәрі беріп, артынша операция жасауды шешкен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина