Қазақстандықтар нанды аз тұтына бастаған - статистика

Қазақстандықтар нанды аз тұтына бастаған - статистика
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биылғы I тоқсанда былтырмен салыстырғанда халық азық-түлік өнімдері ішінен нан мен жарма өнімдерін ең аз тұтынған, яғни 5,8 пайыз. Сондай-ақ, балық пен теңіз өнімдері бойынша да осындай көрсеткіш байқалды, яғни 2,3 пайыз.

Керісінше жұмыртқаға 6,6 пайызға, жемістерге 2,8 пайызға, қант пен кондитерлік өнімдерге 2,6 пайызға сұраныс артқан.

Нан мен жарма өнімдері бойынша Қазақстанда 1-тоқсанда жан басына шаққанда 30,6 келі тұтынылған. Ең жоғары тұтыну көрсеткіші Түркістан облысында, яғни 41,1 келі, ең төмен тұтыну көлемі Алматы қаласында, мұнда 24,3 келі болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова