Қимасар шатқалынан екі адам құтқарылды

Қимасар шатқалынан екі адам құтқарылды
Фото: instagram.com/roso_kazakhstan

Алматы тауларындағы Қимасар шатқалынан екі ер адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"19 маусымда ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне әйел адамнан қоңырау түсті. Ол 18 маусымда күйеуі досымен Фурманов шыңына қарай тауға шығып, үйіне оралмағанын хабарлады. Кейінгі рет жексенбіде сағат 12:30-да байланысқа шыққан. Сағат 18:30-да РЖҚЖ-ның 7 құтқарушысы, оның ішінде бір кинологиялық есеп туристерді іздеуге шықты. Құтқарушылар іздеуді Қимасар шатқалынан Фурманов шыңына қарай көтерілетін жерден бастады. Сағат 20:50-де зардап шеккендер Қимасар шатқалынан табылып, төмен түсірілді", - делінген хабарламада. 

Құтқарушылар мәліметінше, ер адамдар медициналық көмекке мұқтаж емес.

"ТЖМ құтқарушылары тауға шықпас бұрын туыстарыңызға немесе жақындарыңызды бағытыңызбен оралу уақытыңыз туралы ескертуді ұмытпауды еске салады", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек