Президент Тоқаев пен Германия басшысы қандай құжаттарға қол қойғаны белгілі болды

Президент Тоқаев пен Германия басшысы қандай құжаттарға қол қойғаны белгілі болды
Фото: Ақорда

Президент Тоқаев пен Германия басшысы қандай құжаттарға қол қойғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Германияның Федералды Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме;
3. Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
4. Жамбыл облысы әкімдігі мен "Кнауф Гипс Тараз" ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;
5. Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісім;
6. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен "Rhenus SE & Co.KG" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
7. "DВ Engineering & Consulting GmbH" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;
8. "Siemens" технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;
9. Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина