Жандарында сынып жетекшісі болған: Ақтауда теңізге батқан оқушыларға қатысты тың дерек айтылды

Жандарында сынып жетекшісі болған: Ақтауда теңізге батқан оқушыларға қатысты тың дерек айтылды
Фото: lada.kz

Ақтаудан 63 шақырым жерде қайғылы оқиға болған еді. Мұнайлы ауданы мектептерінің бірінің оқушылары сынып жетекшісімен бірге оқу жылы аяқталғанын тойлау үшін теңізге шыққан. Бұл туралы Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 24 адамнан тұратын топ сынып жетекшісімен бірге оқу жылы аяқталғанын тойлау үшін "Голубая бухтаға" автобуспен барған. Алайда табиғатта уақыт өткізу идеясының арты қайғылы жағдайға ұласты.

"Мұнайлы ауданының 9-сынып түлектері автобусты жалға алып, теңізге шықты. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды. Оқиға болған кезде олардың жанында сынып жетекшісі болды. ...Немқұрайды қарағаны үшін мұғалімге сөгіс жарияланды", - деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудан 63 шақырым жерде бес жасөспірім суға батқаны, бірі ауруханаға бара жатып қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Суға батқан жасөспірімдердің үшеуі өздері шыққан, екеуін куәгерлер құтқарған. Бірақ 2007 жылы туған жасөспірім ауруханаға бара жатқанда көлікте қайтыс болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова