Психолог демалыс кезінде неге жұмыс істеуге болмайтынын айтты

Психолог демалыс кезінде неге жұмыс істеуге болмайтынын айтты
Фото: psychologies

Адамдар әріптестерімен байланыста болып, жұмыс мәселелерін тіпті демалыс күндері де шешеді. Психология ғылымдарының кандидаты Марина Гогуева еңбек демалысы кезінде неліктен жұмыс істеуге болмайтынын айтты.

Психологтың айтуынша, демалыс кезінде жұмыс процестеріне қатысатын болсақ, онда біз жұмыс та істемейміз және демалмаймыз.

"Адамдар корпоративтік чаттарды өздері тексереді, миллиондаған хабарламаларды алады. Өзіне демалып жатқандай көрінеді, бірақ іс жүзінде ол жұмыс істеп отыр", - деп атап өтті Марина Гогуева Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Психолог сонымен қатар адамда жұмыс пен демалыс арасындағы теңгерімсіздік бар бірнеше белгілерді атап өтті, олардың бірі - ашушаңдықтың жоғарылауы. Тағы бір белгі: адам тынықпаса тіпті кешкі асқа дейін ұйықтағаннан кейін де, барлық нәрсеге қызығушылығын жоғалтады, белсенділігі төмендейді.

"Тағы бір белгі – ұқыпты адам кешігіп келе бастады, жұмысқа ынтасы жоғалады. Мысалы, үйдегі құжаттарын ұмытып кетеді. Бұл белгілерді ескеру керек. Аталмыш белгілер адамның қажеттіден аз демалатынын білдіреді", - дейді Марина Гогуева.

Сарапшы жұмысты жеке өмірден нақты бөлуге дағдылану маңызды екенін атап өтеді. Мысалы, кешкі сегізден кейін телефонға жауап бермеуді ережеге айналдырыңыз.

"Егер демалыс күндері байланыста болғыңыз келмесе, жұмыс чаттарын өшіріп, әріптестеріңізді жоспарларыңыз туралы хабардар етіп, демалысқа дейін барлық маңызды мәселелерді шешіңіз", - дейді психолог.

Гогуева жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатыны туралы нақты ережелер жоқ екенін, сіз дененің қажеттіліктеріне назар аударуыңыз керек екенін айтады.

Т. Раушанұлы