"Жігіттер, бізде мінез бар". Қазақстан құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде түсірілген видео пайда болды

"Жігіттер, бізде мінез бар". Қазақстан құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде түсірілген видео пайда болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстан футбол федерациясы Солтүстік Ирландия құрамасын жеңгеннен кейін, құраманың киім ауыстыратын бөлмедегі видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Команданың бас бапкері Магомед Адиев ойыншылардың мінез-құлқын мақтап, бұдан да көп нәрсеге көз тіккенін айтты.

"Менің ойымша, ештеңе айтудың қажеті жоқ, бәрібір бұл жерде бәрі түсінікті. Біз өз сөзімізді алаңда дәлелдейміз. Ер адам, кәсіпқой футболшы сөйлемей, іспен көрсетуі керек. Сендер көрсетесіңдер, істейсіңдер, сендер мұны тағы дәлелдедіңдер. Оңай емес. Ауқымды, күшті нәрсе ешқашан оңайлықпен келмейді. Осылай қол жеткіземіз: тізеден аққан қан. Жыртылған гетры. Бұл - үлкен жеңістерге жетудің жалғыз жолы. Біз одан да үлкен нәрсеге көз тіктік. Тек осылай ғана өзімізге керегін жұлып аламыз. Жігіттер, мінез бар. Біз оны тағы бір рет көрсеттік!" - деді Адиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Еске салайық, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияны жеңгенін хабарлаған едік. Белфастта өткен ойында отандастарымыз 1:0 есебімен алға шықты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек