Астанада құрғақ шөптен шыққан өрт ауыздықталды

Астанада құрғақ шөптен шыққан өрт ауыздықталды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астанада құрғақ шөптен шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт 21:09-да оқшауланған, өрттің жалпы ауданы 80 гектар болған.

Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жалғастырылып жатыр.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барған. Сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен "Астана орманы" техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан