Қарағандыда соққан дауылдан қаланың лезде астаң-кестеңі шықты

Қарағандыда соққан дауылдан қаланың лезде астаң-кестеңі шықты
Фото: видеодан алынған кадр

Қарағандыда дауыл тұрып, 5 минутта қаланың астаң-кестеңін шығарды. Шатыр ұшып, көліктерге зақым тиді. Бір бала жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Құтқарушылар секундына 28 метр жылдамдықпен соғатын жел туралы ескертті. 14:05-те Ермеков көшесінде Б. С. Бейсенова атындағы "ҚР ІІМ Қарағанды академиясы" оқу корпусының 4 қабатты ғимаратының шатыры бұзылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Курсанттар құлаған құрылымдарды жинау жұмыстарына шықты. Көгілдір тоғандар шағынауданында дауылды жел ойын алаңындағы жабынды жұлып алды. Оқиға кезінде алаңда бір топ бала ойнап жүрген. Дауыл балаға да, далаға да қарамай бірге көтеріп кеткен. Салдарынан жедел жәрдем бір баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, бала шошып қалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан