FlyArystan-ның Семей - Шымкент бағытындағы ұшағы Алматыға қонуға мәжбүр болды

Семей - Шымкент бағытындағы FlyArystan ұшағы Алматыға қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 19 маусымда 15:25-те Семейден Шымкентке ұшып шыққан лайнер Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Бұған Шымкенттегі қолайсыз ауа райы себеп болған.

Ұшақ Алматыдан Шымкентке 19 маусымда сағат 21:00 ұшады деп жоспарланып отыр.

"Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ жолаушылар flyarystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!