Павлодарда подъезде пышақпен жүгіріп жүрген ер адам көршілерін шошытты

Павлодарда подъезде пышақпен жүгіріп жүрген ер адам көршілерін шошытты
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда подъезде пышақпен жүгіріп жүрген ер адам көршілердің зәресін ұшырды. Оқиға Назарбаев даңғылы, 287 бойынша орналасқан жетінші подъезде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған үйдің тұрғындары әлеуметтік желіде ер адамның пышақпен жүгіріп жүргені  туралы жазған. 

"Сол жерде балалар алаңы орналасқан. Көршілермен жанжалдасқаны туралы бірнеше рет полицияға шағымданған едік, алайда ешқандай шара қабылданбайды. Көршілер қорқып қалды. Нені күтіп отырғаны белгісіз!  Біреу зардап шегуі керек пе?  Мұндай адамды мәжбүрлі емге жатқызу керек! - деп жазды автор. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  1986 жылғы ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызылған.

Оған қатысты  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалған. 19 маусым, яғни бүгін материал сотта қаралады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан