Экология министрі Сүлейменова әкесінің соттылығын растады

Мәжіліс кулуарында Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейманова әкесінің соттылығы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, тараған ақпараттың көпшілігі шындыққа сай келмейді.

"Таралған ақпараттың көп бөлігі шындыққа жанаспайды. Әкеме қатысты, иә, ондай іс болды, соттылығы өтелді. Мен бұл деректі жасырмадым. Мемлекеттік қызметке кірген кезде мұны құжаттарда көрсеттім", - деп жауап берді шенеунік журналистердің сұрағына.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!