Украин танкін жойғандарға ақша төлеуге уәде еткен Григорий Лепстің Қонаевтағы концерті өтпейтін болды

Ресейлік әртіс Григория Лепстің Қонаев қаласындағы концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің концерті өтуі керек болған мейрамхана өкілдері хабарлады. 

"Григорий Лепстің өнер көрсетуін ұйымдастыру үшін өзінің концерттік алаңын ұсынған компания концертті ұйымдастырушылармен келісімді біржақты тәртіппен бұзу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар билеттерді сатып алу орны бойынша қайтара алады. Айтпақшы, пайдаланушылар билеттердің бағасы миллион теңгеге дейін екенін айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік Григорий Лепс пен Николай Басков жойылған әрбір украин танкі үшін әскерилерге ақша төлеуге дайын екенін мәлімдеген болатын. 

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Қонаевта жоспарланған Лепс концертін болдырмауға шақырып, Қазақстан Ресей-Украина қақтығысында бейтарап позицияны ұстанатынын еске салды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!